Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, полицияның арнайы жасағы мен ЕҚҚІҚБ жедел қызметкерлері сәуір айында Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы іс-шара жүргізді. Оны "Есірткі бизнесіне қарсы күрес" жобасы аясында қалалық прокуратура үйлестірді.
– Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш байлам табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл есірткісі. Заттың нақты кімдікі екенін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы Т.есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз: Ekin Patrol G 2: Астанада жолдағы тәртіпті қадағалайтын жүйе іске қосылды