Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Almaty.tv
Almaty.tv
Алаяқтық дерегіне қатысы барлар жұмыстан босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда 60 мұғалім бірнеше жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алаяқтық дерегіне қатысы барлар жұмыстан босатылды. Қатарында 20 жылдан бері жалған құжатпен қызмет атқарып келгендер де бар. Олардың осы күнге дейін алған жалақысына әрі қосылған үстемақыға байланысты сотқа шағым түсті. Өзге мектептерде де тексеру жалғасын таппақ.

– 2023-24 оқу жылында мониторинг жүргізілді. Мұнайлы ауданында 26, Жаңаөзен қаласында 13 құжатты тексеріп жатыр. Еңбек нарығы бойынша олар мекемеде еңбек етті, оны ешкім жоққа шығармайды, – деді Білім басқармасы педагогикалық кадрлар бөлімінің басшысы Бақтыгүл Өмірбекова.

Оқи отырыңыз: Есірткі және жалған ақша: Шымкенттің екі тұрғыны сотталды

Новости партнеров