Жамбыл облысында жеңіл көлікпен есірткі тасымалдаған тұрғындар ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар Ақыртөбе ауылынан кептірілген марихуананы Астанаға апармақ болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында емін-еркін жеңіл көлікпен есірткі тасымалдап жүрген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар Ақыртөбе ауылынан кептірілген марихуананың 103 келісін қапқа салып, Астанаға апармақ болған жерінен қолға түскен. Күдіктілер полиция тоқтатқанда алдын ала дайындап қойған бензинді машинаға құйып, салонын жағып жіберген. Өздері қаша жөнелген. Бірақ өрт жүк салғыштағы есірткіге жетпей қалып, қашқандар сол арада ұсталды.

Айта кетейік, аймақта есірткі қылмысы өршіп тұр. Нақтырақ айтсақ, биыл 376 құқықбұзушылық тіркелген. Ал қылмыскерлерден 2 тоннадан аса есірткі тәркіленген.

– Марихуана затының нарықтағы құны Жамбыл облысында 1 келісі 50 мың теңгеге, Астана қаласында 150 мың теңгеге сатылады. Қылмыс бойынша ҚК 297-бабының 3-бөлімінде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Жеке мүліктері тәркіленеді. Ол аса ауыр қылмыс санатына жатады, – деді облыстық Прокуратураның басқарма басшысы Бауыржан Жанұзақұлы.

Оқи отырыңыз: Павлодарда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Новости партнеров