Түркістан облысында жұмыс берушісінің малын сатып, ізін суытқан шопан қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция дерегінше, күдікті деп танылған Өзбекстан азаматы жәбірленушінің қожалығында 1 жылдан бері жұмыс істеген. Сеніміне кіріп құны 1 миллион теңге болатын 5 асыл тұқымды қошқарын рұқсатсыз алып кеткен. Кейін таныстарына сатып, өзі Алматы қаласына қашпақ болған. Алайда оның жасырынған жерін тәртіп сақшылары анықтап үлгеріп, қамауға алды. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылған.
«А. есімді азамат өзіне сеніп тапсырған қойдың ішінен 5 бас, әрқайсының құны 200 мың теңге болатын, асыл тұқымды «гиссар» қошқарларын сатып жіберіп, талан-таражға салып арыз иесіне жалпы 1 миллион теңгеге материалдық шығын келтірген», – деді Ордабасы АПБ анықтаушысы Дәулет Мүзаппаров.