Жамбыл облысында ауруханалардың бірінде 758 миллион теңге қолды болған

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстанда 156 әлеуметтік нысанның құрылысы жемқорлық кесірінен тұралап тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 156 әлеуметтік нысанның құрылысы жемқорлық кесірінен тұралап тұр. Өңірлерде ұзақ жылдар бойы жүріп жатқан шаруаның аяқсыз қалуында бармақ басты, көз қысты әрекеттердің бары анықталған. Бұлардың басым бөлігі – мектеп пен емдеу мекемелері. Жыл басындағы жаға ұстатарлық статистиканы С


ыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган қазір тұралап қалған нысандар жұмысын жандандыруға күш салып жатқан көрінеді. Қазынадан бөлінген қаржыны жымқыруға жол бермеу мақсатында кешенді шара қабылданған.

– Су құбырларын жөндеу, жылу құбырын өткізу, электр жарығын орнату,  мектеп, емхана салу ісінде құрылыс аяқталмай қалған. Сол объектілер картаға енетін болады. Ауылды жерлерде оқу орнына тапшылық болғандықтан ең бірінші жемқорлықтан түскен қаржыны мектептерді жөндеуге жұмсалуда. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Мектеп тапшылығын желеу етіп, бюджеттен бөлінген қомақты қаражатты тиімсіз игеруді көздегендердің жолы кесілді. Мұндай жағдай БҚО-да тіркелген. 600 орынға жоспарланған білім ошағын салу кезінде 61 млн теңгенің ұтымсыз жұмсалуына жол берілген. Ақша ұрлығы денсаулық сақтау саласында да көрініс тапқан. Жамбыл облысында ауруханалардың бірінде 758 миллион теңге қолды болған. Қарашаның еміне деп бөлінген қаражатты құлқынның құлынан асыра алмағандарға қатысты сот ісі басталды.

– Бюджет каражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулык сақтау баскармасының калалық көпбейінді ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Залал сомасы 758 млн тенгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дарігерінін орынбасары жане бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оқи отырыңыз: Қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға айыппұл салынды

Новости партнеров