Алматыда халықты алдап келген қаржы пирамидасы әшкереленді

Almaty.tv
Almaty.tv
EDEN LIFE қызметі өзін маркетингтік компания ретінде таныстырып, жымысқы әрекеттерін іске асырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықты алдап келген қаржы пирамидасы әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметі бойынша, EDEN LIFE қызметі өзін маркетингтік компания ретінде таныстырып, жымысқы әрекеттерін іске асырған.

Оның ұйымдастырушылары адамдардың сеніміне кіріп, ұтымды ұсыныстарымен баурап отырыпты. Бірақ түбінде ақша да жоқ, олжа да жоқ. Сондықтан EDEN LIFE қызметіне сеніп, сан соғып қалғандар Жібек Жолы даңғылында орналасқан Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алады.  

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-бабы, қаржылық пирамида немесе инвестициялық пирамида құру және оны ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.

Новости партнеров