Жамбыл облысында есірткі тасыған ер адам қолға түсті
Almaty.tv
Күдікті есірткіні Шу ауданының аймағында дайындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында еліміздің батыс өңіріне есірткі тасыған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары осылайша заңсыз затты тасымалдайтын ірі арнаның көзін жойдық деп отыр. Белгілі болғандай, күдікті есірткіні былтыр тамыз айында Шу ауданының аймағында дайындапты. Ал қолға түскен сәтте оның көлігінен жалпы салмағы 200 келі болатын 8 қап «кептірілген марихуана» табылды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының 532-шақырымында Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының маңында БМВ Х5 маркалы автокөлікті тізгініндегі Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынын тоқтатты. Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10