|
06.06.2020 | 18:28
1477

СҚО-да зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды

Марқұмдардың туыстары материалдық шығыннан гөрі, моральдық тұрғыдан көп зардап шеккен

СҚО-да зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері молада жасалған екі ұрлықты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Біріншісі Смирново ауданының орталығында орын алды. 3 маусымда аудан орталығының тұрғыны Аққайың ауданының полиция бөліміне арыз жазды. Арызданушының айтуынша, әкесінің моласының қоршауынан 10 темір шынжыр қолды болған.

Аққайың ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сатылуы мүмкін нүктелерді тексеру барысында шынжырдың бір бөлігін анықтады. Оларды 1987 жылы туған, аудан орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұрлап, түрлі-түсті металл қабылдайтынға тапсырғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Екінші жағдай облыс орталығындағы жұмысшы кентіндегі зиратта болған. Ол дерек екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Айдар Қуандықовтың қырағылығының арқасында ашылды. Ол сөмкесіне ауыр жүк салып, кетіп бара жатқан адамды байқайды. Тексере келе, сөмкенің ішінен моланың қоршауының темір элементтері шыққан. Жедел қызметкерлер қоршауы ұрланған моланы анықтады. Марқұмның туыстары Жұмысшылар кентінің 1962 жылғы, бұрын сотты болған тұрғынына қатысты шара қолдану туралы арыз жазды. Бұл факт де ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Біз халықпен, түрлі-түсті металл қабылдау пункттерінің иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Алайда, мұндай фактілер жиі болып тұрады. Екі жағдайда да марқұмдардың туыстары материалдық шығыннан гөрі, моральдық тұрғыдан зардап шеккен. Мұндай фактілердің алдын-алу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткіземіз», – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир