Жер теліміне жалған құжат жасаған

elements.envato.com
elements.envato.com
Қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының таулы аймағында орналасқан 270 жер учаскесі элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілген. Мұны Бас прокуратура анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

26 жер теліміне жалған құжат жасалып, 28 участкенің орны заңсыз өзгертілген. Аталған дерек бойынша жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. 

- Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы жергілікті атқарушы орган қызметкерлері 200 ауыл шаруашылық жерінің нысаналы мақсатын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймағына өзгерткен. Бұдан бөлек, прокурорлардың ұсынысымен 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесі басталды, -дейді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембай.  

Оқи отырыңыз: Саябақтан сән кетті: Жамбыл облысының тұрғындары неге ашулы

Новости партнеров