|
10.11.2020 | 18:48
3812

Жасөспірімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі 15 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Жетім балаларды алдаған

Жасөспірімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі 15 млн теңгеден астам қаржы жымқырған иллюстрированное фото из открытых источников

Жамбыл облысында жасөспірімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі жетім балаларды алдап 15 млн теңгеден астам қаржысын жымқырып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл іске 25 жастағы күдікті азаматтан бөлек, тағы бірнеше адам мен заңгерлердің қатысы болуы мүмкін. Олар жетім балаларды алдап, баспана алуға жиналған қордағы қаржыларын ұрлап келген.

Светлана Чеславлева батылдық танытып полицияға жүгінгендердің алғашқысы. Ол  «алаяқтар әрекетінің құрбаны болдым» дейді. Сөзінше, былтыр өзі секілді жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан құрбысы Замира есімді әйелмен танысқан. Ол бұрын осы мекемеде бір жыл тұрған екен. Жаңа танысы сәл сөзден соң Светланадан ақша сұрап, қиын жаңдайға тап болғанын айтқан. Тіпті, балаға ота жасау керек деп те қиылыпты. Оған көнбеген соң пәтерге апарып, түнгі 2-3-ке дейін тағы ұстаған. Сол жерден Нотариус та табыла қалған. Жібермейтініне көз жеткен соң, амалсыз қол қойдым дейді. Бірақ мекемеге келе сала директорға шағымданған.  

«Орталыққа түнгі 02.00 кезінде келдік. Маған олар ешкімге айтпа деді. Бірақ мен таңертең бірден директорға бардым. Сөйтсем, Құнанбаев Нұрлан деген азамат шоттағы ақшаны бұл оқиға болардан бір жыл бұрын шешіп алған деп айтты. Яғни, менен бөлек бірнеше адамның ақшасын алып қойыпты. Ал Нұрлан деген жігіт біздің жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі болған», – деді  жәбірленуші Светлана Чеславлева.

Бұл жайттан соң алданғандар жаппай шағымдана бастаған. Олардың жалпы саны жетеу. Алаяқтар әр қайсысының жинағынан кемі 2 млн-нан алып отырған. Ал, мекеме басшылығы балалардың жағдайды осы уақытқа дейін неге айтапағанын былайша түсіндірді.

«Балалардың айтуы бойынша, бізге «қорыққанымыздан үндемедік» деп айтты. Біразы білмеген. Қалай шешкенін біз де түсінбекдік. Себебі бұл жерде нотариустың қолы қойылған және де куәліктері жасалған», – деді облыстық жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары Ләззат Мәдиева.

Іске қатысты ақпан айында қылмыстық іс қозғалған. Бірақ карантинге байланысты іс тоқтап тұрды дейді орталық директорының орынбасары. Қазір тергеу қайта жалғасыпты.

«Облыстық балалар мен жасөспірімдер үйінің түлегі бола тұра, күдікті осы мекеме түлектерінің шотынан мемлекеттік жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты алуға қатысы болған. Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы  Гүлсара Мұқтарқұлова.

Мекеме директорының орынбасары бұл іске өзге де адамдардың қатысы бар деп болжайды. Өйткені жәбірленушілер күдіктінің жанында заңгерлер мен бірнеше ер адамның болғанын айтқан.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан, «Алматы» арнасы, Тараздан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир