Қонаққа келген ер адам туыстарын пышықтаған: бір адам қайтыс болды

gazeta.ru
gazeta.ru
Оқиға 10 наурызда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда жантүршігерлік қылмыс орын алды. Алматыдан қонаққа келген ер адам 3 адамды пышақтаған, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмса, екеуі ауыр жарақат алып жан сақтау бөліміне түскен. Абырой болғанда, марқұмның 10 жастағы қызы мен келіні үйден қашып үлгеріпті. Оқиға 10 наурызда  шамамен түнгі сағат 03.00 шамасында болған. Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 103 қызметінің диспетчерінен қалалық көпсалалы ауруханаға пышақ жарақатымен 28 жастағы ер адамның және 48 жастағы әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Ақ халаттылар қолдан келгенін жасағанымен, әйел операция кезінде қайтыс болды. Сондай-ақ, облыстық көпсалалы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне 89 жастағы қарт әйел жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы бір отбасы мүшелері. Полиция қызметкерлері Алматы қаласынан туыстарына қонаққа келген 30 жастағы күдіктіні ұстады. Оның мұндай әрекетке не себептен барғаны әзірге белгісіз.

«Ұстаған кезде ол алкогольдік масаң күйде болған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселесі шешілуде. Тергеу әрекеттері жүргізілу үстінде», – деді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Сән Жұмағазина.

Новости партнеров