Бұл туралы Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбе облысында жанжал салдарынан мектеп оқушысының қаза болуына қатысты қылмыстық істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ведомство басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.
«Ақтөбе облысы Қопа к-де оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірі ұруға мәжбүрлеген», - делінген Бас прокурордың жазбасында.
Айта кетейік, қайғылы оқиға қыркүйектің 2-інен 3-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынған.
«Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта екі күдікті ұсталды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген ПД хабарламасында.
Ақтөбе облысы Қопа к-де оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым.
— Berik Asylov (@Asylov_GenPr) September 4, 2024
Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген.
Оқи отырыңыз: Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды – ІІМ