Оқушы өлімі: Таразда төбелеске қатысқан барлық жасөспірімнің үстінен іс қозғалды

Видеодан кадр
Видеодан кадр
Атышулы істі облыстың бас полицейі өз назарына алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда 8-сынып оқушысының өліміне қатысты жауапқа тартылатындар саны артты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Топтық төбелес кезінде 8 жерінен пышақталып қаза тапқан Оралбек Кетебаевтың ісі күрделене бастады. Бірнеше күн бұрын біздің арнадан көрсетілген бейнебаянда, марқұмның ата-анасы іске қатыстының барлығы жазалануы тиіс деген болатын.

Полиция құлақ асты ма, әйтеуір, алғашқыда 1 ғана жеткіншекті кінәлі тапқандар енді төбелесте болған барлық жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір Қылмыстық кодекстің  293-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Атышулы істі облыстың бас полицейі өз назарына алды.  

«Тергеу барысында төбелестің әрбір қатысушысының оқиғаға қатыстылығы анықталып, олардың әрқайсысына құқықтық баға берілетін болады. Бұл іс менің жеке бақылауымда. Істің толық мән-жайы Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанат СҮЛЕЙМЕНОВ.

Новости партнеров