Алматыда қылмыс шамамен екі есеге азайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қылмыс деңгейі 47,8%-ға азайды. Сонымен қатар, қылмыстың ашылуы жақсарған.
– Денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-30,6);
– зорлау (-2,2 есе);
– бөтеннің мүлкін ұрлау (-2,4 есе);
– пәтерлерден ұрлық (-3,8 есе);
– алаяқтық (-23,0%);
– тонау (-2,3 есе);
– қарақшылық (-2,1 есе);
– бұзақылық (-2,1 есе);
– көлік құралын иемдену (-37,3%).
Сондай-ақ, жасалған құқық бұзушылықтар:
– кәмелетке толмағандармен (-34,7%);
– адамдар тобында (-23,7%);
– қоғамдық орындарда (-3,2 есе);
– көшелерде (-3,9 есе);
– отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында (-11,9%).
Қарақшылықпен айналысқан 12 топтың, 62 – қарақшылықтың, пәтер тонаумен айналысқан 34 -топтың, 15 – автокөліктерден ұрлағандардың, 81 – қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысқандардың әрекеті тоқтатылды. Сонымен қатар, 434 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. 320 келі 330 гр есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.