Үй шатырында тапанша-пулемет жасырып келген Түркістан облысының тұрғынын полиция ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдікті деп танылған азамат атыс қаруын жыл басында болған дүрбелең кезінде Алматыда жүріп тауып алғанын айтты. Ер адам сол сәтте қаруды өзінде қалдыруды жөн санаған көрінеді. Күдікті осы әрекеті үшін қамауға алынып, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі өзінде атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпар келіп түсті. Күдіктінің айтуынша, Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде атыс қаруын тауып, үйдің шатырында сақтағаны белгілі болды», – деді Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.