Қару жарақ пен оқ-дәрі: ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

08.08.2024 00:22

Бас прокуратура қызметкерлері Алматы және Шымкент қалаларында арнайы операция жүргізді

Almaty.tv

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев басқарған қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура қызметкерлері Алматы және Шымкент қалаларында арнайы операция жүргізіп, күдіктілерді "құрықтады". 

Полицейлердің есебінше, соңғы екі жылда осындай 140-тан астам топтың қызметі тоқтатылыпты. Қылмыс әлемінің серкесінің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылған.

- Топ жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекет жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Пагон таққан азғын: Шымкентте қыздарды зорлады деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды