«Алтын ордағы» жанжал: Жамбыл облысының 28 жастағы азаматы қамауға алынды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Күдікті Қарасай ауданы Полиция бөлімшесінің уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір үйдің асыраушысын ауыр соққыға жығып өлтірді деп күдікке ілінген Жамбыл облысының 28 жастағы азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, ол жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұсталған. Айта кетейік, осыдан шамамен 1 ай бұрын Алтын Орда базарында телефон үшін дау туған. Сөзге келіп қалған екі азаматтың бірі екіншісін соққыға жығып құлатқан. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Соққыдан кейін басына қан құйылған 23 жастағы жігіт осыдан бір апта бұрын қайтыс болды. Ал күдікті Қарасай ауданы Полиция бөлімшесінің уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

«Күдіктіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі 1-тармағы, яғни абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген, денсаулыққ ауыр зиян келтіре отырып жасалған қарақшылық бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдилдин.

Новости партнеров