|
16.04.2024 | 19:35
1317

Бишімбаевтың ісі: жәбірленуші тараптың адвокаты неге шағымданды

Ресейлік сот-медициналық сарапшылардың шешімі оқылды

Бишімбаевтың ісі: жәбірленуші тараптың адвокаты неге шағымданды Almaty.tv

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты бүгінгі сот отырысы аяқталды. Түске дейінгі тыңдалымда тараптар ресейлік сараптаманы алып тастау туралы мәселені қарастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленуші тараптың адвокаты экс-министрдің қорғаушысы жалған құжат жасатты деп шағымданды. Оның айтуынша, Бишімбаевтың қорғаушысы Ләйлә Рамазанова 27 наурызда Алматы қаласында келісімшарт жасасқан. Қолы қойылып, мөр басылған қағазды Жанна Оразбақова алқабилер назарына ұсынды.

– Құжатты қараңыздар. Бұл қолхат 2024 жылдың 27  наурызында жазылған. Алматы қаласында деп тұр. Дәл сол күні осы залда сіздер мен біздер алқабилердің іріктеуінде болдық. Сонда адвокат Рамазанова қалайша басқа қалада болады? – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова.

Отырыста мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова ресейлік сараптаманы қосу туралы адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. Оның айтуынша, олар жалған құжат жасатқан көрінеді. Түстен кейінгі отырыста Бишімбаевтың адвокаты ресейлік сот-медициналық сарапшылардың шешімін оқып берді. Олар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды.

– Адвокаттық сауал негізінде жасалған қорытынды тұжырымдама. Мәскеудегі Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің» мамандары жасаған сараптама. Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдары нақты мәліметтерге қайшы келеді. Мәйітті зерттеу кезінде қандай да бір жарақат, көгерген жерлер, мидың зақымдануы табылған жоқ, – деді сотталушы Қ. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир