|
22.01.2024 | 19:42
3494

Көлігін жалға берген алматылықтар арыз жазды

Алматы қалалық ПД ресми түрде 72 арызды ресми түрде қабылдады

Көлігін жалға берген алматылықтар арыз жазды Almaty.tv

Алматыда жүзге жуық азамат қымбат көліктерді несиеге алып, алаяқтарға алдандық деп арнамызға сұхбат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кредитке машина алып, кейін көліктен де, ақшадан да айырылдық дегендер құзырлы орган өкілдерінен көмек сұрайды. Олар су жаңа Hyundai, Kia көліктерін несиеге алып өзге біреуге жалға береді. Келісім бойынша ай сайынғы несиені темір тұлпарды алған адам төлеп тұруы тиіс болған.

– Бас-басымызда кредит. Жетіп тұрса, қай қазақ соны алады? Мына тұрғанның бәрі - өзіміздің қаракөз балалар,  – деді зардап шегуші Нұргүл Жүнісова.

– Ай сайын 300-400 млн теңге несие төлейміз. Көпбалалы әкемін. Бірінші балам мүгедек. Енді қалай төлейміз, білмеймін? Құзырлы органдардан көмек беруін сұраймыз. Бұл жалғыз Жандостың ғана қолынан келмейді. Бізді алдап отыр ма? Кепілге қойылған машина қалай шекара асып кетеді? – деді зардап шегуші Нұрбол Алпамысұлы.

Алданғандар алғашында ақша уақытылы төленген соң, тағы да қарызға көлік алған. Кейбірі туысын тартып, сіңлісіне алғызыпты. Ал әлгі азамат лауазымды, елге танымал адамдардың арасында жиі жүретіндіктен, сеніп қалған. Жағдайдың бақылаудан шыққанын енді білген олар полицияға арыз қалдыруға мәжбүр болған.

– Арыз қабылдап жатырмыз. Адам ұсталды. Бүгін санкциясы болады. Қазір тергеу әрекеттерін жасаймыз, – деді Жетісу ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Бердіқожанов.

– Бизнеске саламын деген сылтаумен азаматтардың автокөліктерін жинаған. Несиесін төлемеген. Жалға алған құнын төлемеген. Содан азаматтар алданып қалды. Қазір жоғалған көліктердің қай жерде екенін анықтауға  бағытталған шаралар жүріп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алдандық деп арманымза сұхбат берген азаматтар Жетісу, Медеу аудандарына арыз қалдырғанын айтты. Жұмыс жүргізілмегендіктен, қалалық полицияға жүгінген. Алматы қалалық ПД ресми түрде 72 арызды ресми түрде қабылдады. Бірақ тергеудің қаншаға созылары әзірге белгісіз.

Әлібек Шынтемір ,Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы  

Оқи отырыңыз: Алматыда қала халқының неше пайызы қоғамдық көлік пайдаланады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир