Өз баласын өлтірген әйелге жеңіл жаза беруін сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
22 жастағы келіншек туған қызын ұрып өлтіргені үшін айыпталып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда 3 жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды. 22 жастағы келіншек туған қызын ұрып өлтіргені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде 1 ай жатып жан тапсырған еді. Қылмыстық процесске жәбірленуші мен куәгерлер қатысып, көрген-білгенін айтып берді. Сөздерінше, айыпталушы өз қызын туғаннан кейін сәбилер үйіне тапсырған. Бала асыраушылардың қолында тәрбиеленген. Тек 2020 жылдың 25 желтоқсанында келіншек баласын өзіне қайтарып алған. Арада бір ай өтер-өтпестен қызын соққының астына алып, бала жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Медициналық сараптама өлімнің себебі жабық бас-ми жарақаты екенін анықтады. Марқұм баланың құжат жүзіндегі әкесі Виталий Захаров айыпталушыға жеңіл жаза тағайындалуын сұрайды.

«Қатаң түрде жазалау қажет емес. Баланы қайтарып ала-алмаймыз, тағы да бір өмірді құртуды қаламас едім. Барынша жеңіл жаза қаралса екен. Мен бұл істің күрделі екенін білемін. Бірақ өзімді қатаң жаза сұрауға құқылы емеспін деп ойлаймын. Себебі біз бәріміз де қателесеміз, ол баланы әдейі өлтірді деп ойламаймын. Бәрі кездейсоқ, ақымақтықпен орын алған шығар», – деді жәбірленуші Виталий Захаров.

Новости партнеров