|
22.06.2023 | 20:02
300

Мегаполисте күдікті ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсады

Бірақ қазіргі таңда өлімге қатысты мән-жайлар толық зерттеліп жатыр

Мегаполисте күдікті ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсады kaz.tengrinews.kz

Алматыда полиция ұстаған азамат ажал құшты. Құзырлы органдар оның суицид жасағанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірақ қазіргі таңда өлімге қатысты мән-жайлар толық зерттеліп, тергеу жүріп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі сараптама арқылы марқұмның масаң күйде болғаны анықталды деп хабарлады.

Айта кетсек, тәртіп сақшылары ер адамды құрбысының көлігін ұрлады деген күдікпен қолға түсіріп, оны тергеу тобының көлігіне отырғызған.

«Алматы қаласы полиция департаменті қазіргі уақытта танысының «Тойота» автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған И.есімді азаматтың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм ішімдікке мас күйінде болған. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир