|
22.11.2023 | 20:16
721

Антикор QazaqGaz-ға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ

Антикор QazaqGaz-ға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады Almaty.tv

QazaqGaz акционерлік қоғамы басшылығы мен қызметкерлері жемқорлық фактісі бойынша ұсталды. Бүгін осындай ақпарат әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Түске қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік QazaqGaz қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда бұл іске кімнің қатысы барын айтпады.

– Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы мүмкін деген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің мән-жайы бойынша тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оқи отырыңыз: Заңды иесі кім: ХҚКО-да рәсімделген көліктің қос қожайыны анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир