Қызғыныш әлегі: Бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйел жансақтау бөлімінде жатыр

egemen.kz
egemen.kz
Жәбірленушінің әпкесі күдіктінің тиісті жазасын алғанын қалайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұрынғы келіншегіне түн ортасында шабуыл жасаған күдікті жәбірленушіге 11 емес, 15 рет пышақ сұққан. Бұл туралы науқасқа ота жасаған дәрігерлер мәлім етті, деп хабарлайды тілшісі.

Қанды оқиғада жәбірленушінің анасы да ауыр жарақат алғаны анықталды. Зардап шеккен қос азамат қазір ауруханада. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Жәбірленушінің туыстары күдіктінің бұған дейін де қауіп төндіріп 1,5 жылдай тыныштық бермей келгенін айтады.

Түн ортасында сыртқа шыққан әйел адамның шыңғырған дауысы көрші-қолаңды дүрліктірген. Сол сәтте мән-жайды білу үшін көшеге ұмтылған жұрт, 31 жастағы ер адамның жас келіншекті пышақтап жатқанын көреді. Куәгерлер қаскөйдің бұрынғы енесіне де тап бергенін айтты.

«Кіндігінің астына пышақ ұрған. Жедел жәрдеп шақырдық. Кәдімгідей қан жоғалтты. Сөйлеп жерде жатты», – деді куәгер Нұршат Анаятов.

Оқиға куәгерлері күдіктінің араша болғысы келгендерге де пышақ ала жүгіргенін жасырмады. Қайта сол сәтте қаскөйді көрші үйде тұратын Ұлттық ұланның әскери қызметшісі тоқтатып үлгеріпті.

«Мен айқаладым. Ол айналды да, жүгіріп қашты. Содан мен де артына түстім, қудым. Ол Қалқамандағы зират жаққа кіріп кетті», – деді 5571 әскери бөлімнің әскери қызметшісі Жарқынбек Айдарханбеков

Куәгерлердің айтуынша, бұрынғы жарымен қоса енесін де пышақтаған азамат жұртты көргенде дәл осы зиратқа қарай қашқан. Мүрде арасына тығылып, із суытпақ болған. Алайда соңына түскен тұрғындар оның жасырынған жерін анықтап, қолға түсіреді.

Күдікті ұсталғаннан кейін оны тәртіп сақшылары қамауға алды. Полиция департаменті қылмыстық істің қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. Ал жәбірленушілер қазір аурханада ем алып жаты.  Дәрігерлер мәліметінше, 23 жастағы науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жедел ота жасалды екеуіне де. Операциядан кейін жансақтау бөліміне ауыстырдық. Жансақтау бөлімінде жатқан 23 жастағы науқастың жағдайы тұрақты. Кеше ИВЛ-ды шештік. Анасында іш жарақаты ғана бар. Қан кету белгілері бар. 70-80 мл қан кеткен», – деді қалалық №7 аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Мәуленов.

Жәбірленушілердің туысы Наргиза Сәкиеваның айтуынша, қанды оқиғаға қызғаныш сезімі себеп болған. Себебі әулеттің бұрынғы күйеу баласы ажырасқалы келіншекке тыныштық бермей келген көрінеді.

«Ол мал да, хайуан да істемейтін нәрсе істеп жатыр. Адам емес ол. "Жоқ, менің махаббатым екеуімізге жетеді. Мен сені қатты жақсы көремін. Қызғанамын сені. Мен сені өлтірем немесе мендік боласың. Менікі болмасаң, ешкімдікі болмайсың" деп қорқытатын. 2-3 рет солай болған, 2-3 рет ажырасқан. Бірақ соңғы рет шектен шығып, сіңлім оны үйден қуып шықты», – деді жәбірленушінің туысы Наргиза Сәкиева.

15 жерінен пышақ жарақатын алған жәбірленушінің әпкесі күдіктінің тиісті жазасын алғанын қалайды. Онсыз да қиын жағдайға душар болғанда осы сәтті пайдалануға кірісіп, қоғамнан қаражат сұраған алаяқтардың пайда болғанын айты. Наргиза Сәкиева жақындарының беті бері қарағаннан кейін, бұл іс бойынша да құзырлы органдарға арыз қалдыратынын жеткізді.

Оразай Нұртай, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров