Жамбыл облысында полиция департаментінің қоймасынан қару ұрлағандар ұсталды

Стоп-кадр
Стоп-кадр
Тергеу барысында осы қылмысты істеуге тағы екі тұлғаның қатысы бары анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінің қоймасынан қару ұрлағандар ұсталды. Бұл факт Сарысу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі барысында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары Жаңатас қаласы тұрғынының үйін тінту кезінде 3 дана автомат, 121 оқ-дәрі және 1 газдан қорғанатын құрал тәркіледі. Сондай-ақ тергеу барысында осы қылмысты жасауға тағы да екі тұлғаның қатысы бары анықталды.  

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотта бір күдіктіге қатысты «үйқамақ» және екі күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды», - деді Сарысу аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Алметов.

Новости партнеров