Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бүгін айыпталушының адвокаты жүргізушінің қоғамдық көлікті тоқтатуға уақыты болғанын алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ сот отырысы барысында жол-көлік апаты салдарынан күйеуі марқұм болған келіншек «автобус жүргізушісін де кінәлі деп тану қажет» дегенді қайталап айтты.
Есте болса, сұмдық оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Жолаушылардың бірі автобус жүргізушісін жұдырықтап, жүгенсіз көлік аялдамадағы 3 адамды қағып кеткен. Олар апат орнында көз жұмды. Бүгін іске қатысты бесінші сот отырысы өтті.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: Салтанат Нүкенованың көмекшісі куәлік етті