|
30.07.2020 | 22:27
3339

Алматы облысының полицейлері 4 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтілді

Алматы облысының полицейлері 4 тоннадан астам есірткі тәркіледі Иллюстративное фото

Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысымен күресушілер интернет ресурстар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, адамдардың есірткінің синтетикалық түрлеріне көшу үрдісін атап өтті. Полицейлер бұл форманы қауіптілердің қатарына жатқызады. Осыған байланысты, тыйым салынған психотроптық заттар мен темекі қоспаларын өткізу арнасы болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің сілтемелері бар ғимараттардың қасбеттері мен қоршауларындағы жарнаманы жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары күшейтілді.

«Біздің осы бағыттағы басты міндетіміз интернет ресурстар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, есірткі қылмыстарын мониторингілеу, анықтау, жолын кесу болып табылады. Бүгінгі таңда Алматы облысының аумағында синтетикалық есірткі түрлерінің заңсыз айналымына байланысты 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 есірткі теріс қылығы, екі дерек ҚР ҚК 296 – бабының 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау, төрт дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша өткізу», – деп атап өтті Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мухамедов.


Сонымен қатар, ведомствода атап өтілгендей, Алматы облысында есірткіге қарсы іс-қимыл мен ахуалды тұрақтандыру бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданған. Ірі есірткі сатушыларын анықтау және есірткі құралдарының ірі және аса ірі партияларын заңсыз айналымнан алып тастау жөніндегі жұмыстарға баса назар аударылуда.

«Жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 403 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, есірткі қылмыстарының 88 дерегінің, аса ірі көлемде есірткі құралдарын сақтау мен тасымалдаудың 20 дерегінің, есірткі құралдарын өткізудің 52 дерегінің, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 16 дерегінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан барлығы төрт тонна 153 кг астам түрлі есірткі құралдары алынды», – деп қорытындылады Қазбек Мухамедов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир