|
07.08.2022 | 09:45
11026

Бүлдіршін көз жұмды: Нұр-Сұлтанда анасы қызын бір ай бойы балабақшаға тастап кеткен

Анасы бала тәрбиесінен шеттетілген

Бүлдіршін көз жұмды: Нұр-Сұлтанда анасы қызын бір ай бойы балабақшаға тастап кеткен Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан сотында ата-ана құқығынан айыру туралы жантүршігерлік іс қаралды. Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын тәрбиелеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. Балабақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған.

Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген.

"2022 жылы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған кіші қызы көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Баланың денесінде көптеген дене жарақаты болған", – деп атап өтті сотта.


Барлық жағдайды ескере отырып, сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир