Көлік кранның көмегімен тасжолдан алынды
Қостанай облысына қарасты Екатеринбург – Алматы М-36 тасжолында астық тиеген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көлік апаты жолдың 535-шақырымында, Арман ауылына жақын жерде болған.
«30 тоннаға жуық астық тиеген «МАЗ» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлікті жалғыз жүргізіп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, рөлді басқара алмай қалған», - делінген хабарламада.
Құжаттарды тексеру барысында полицейлер көліктің облыстық ЖШС-інің бірінде тіркелгенін анықтады.
Көлік кранның көмегімен жолдан алынды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды