|
12.09.2024 | 18:40
131

Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Бидай 3,7 млн га алқаптан жиналды

Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды elements.envato.com

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 5,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц / га болған кезде 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, бидай 3,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га 5,4 млн тонна бастырылды, арпа – 1,2 млн га, өнімділігі 15,8 ц/га 1,9 млн тонна бастырылды, сұлы – 99,4 мың га, өнімділігі 14,7 ц/га 145,9 мың тонна бастырылды.

«Биыл майлы дақылдар орташа өнімділігі 10,2 ц/га 67,3 мың га алқаптан жиналды, 68,6 мың тонна бастырылды. 41,1 мың гектар алқаптан 260,4 ц/га өнімділікте 1 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 77,4 мың гектардан 242 ц/га өнімділікте 1,9 млн тоннаға жуық жиналды», - делінген хабарламада.

Бақша дақылдары 92,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 252,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Оқи отырыңыз: Ақтауда картоп өнімдерін дайындаған нысанға айыппұл салынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир