Шымкенттегі атыс: Қылмыскерді құрықтауда көрсеткен батыл шешімі үшін Бағлан Қалтай марапатталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оқиға 20 ақпанда Тұран ауданындағы Рысқұлбеков көшесінің бойында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 20 ақпанда Тұран ауданындағы Рысқұлбеков көшесінің бойында орын алған. Сағат 14:40 шамасында кіші сержант Бағлан Қалтай түскі астан қайтып келе жатқанда «Арсенал» қару-жарақ дүкенінің жанынан полиция қызметкерлерін байқайды. Кейін атылған қару даусын естіген. Ұландық сержант бірден жағдайды бағалап, тәртіп сақшыларына қарулы қылмыскерді құрықтауға көмек көрсетеді. Нәтижесінде қала тұрғындарының үрейін ұшырған қылмыскерді ұландық жауынгер полиция қызметкерлерімен бірге қолға түсірген.

"Әдеттегідей түскі асымды ішіп қызметке бара жатқанмын. Иляев пен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысына келгенімде полиция қызметкерлерін байқадым. Күнделікті қызметте жүрген тәртіп сақшылары болғандықтан оған аса мән бермедім. Кенет атылған қару даусын естігенде ғана бір жағдайдың орын алғанын сездім. Сол мезетте қару-жарақ дүкенінен қолында қаруы бар ер адам қашып шықты. Ол тәртіп сақшыларына қарай оқ ата бастады. Мен де уақыт жоғалтпай бірден қылмыскерді құрықтауға көмекке бардым", - деді кіші сержант Бағлан Қалтай.

Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстан азаматы екен, ол Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрып келген. Одан шолақ мылтық және қару-жарақ дүкенінен ұрланған «Сайга» маркалы қаруы тәркіленді.  

Қылмыскерді құрықтауда көрсеткен батыл шешімі мен жанқиярлық ерлігі үшін кіші сержант Бағлан Қалтай Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының құқығымен алғыс хатпен марапатталды.

Новости партнеров