Үкім заңды күшіне енді
Елорданың екі тұрғыны кинотеатрларға келушілерге дөрекілік танытып, қол көтерген. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Екі азамат кинотеатрда адамдарға құрметсіздік танытып, орындықтан аттап, сол жерде отырған келушілерді жанап өткен. Онымен қоса тәртіп бұзушылар ескерту жасаған көрермендерді соққыға жыққан. Сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген, - делінген хабарламада.
Сот үкімімен екі кінәлі 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар бұзақыларға пробациялық бақылау белгіленіп, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Әр жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Жайық өзеніне 3 жасөспірім батып кетті