Әскерилер жарақат алды: Түркістан облысында тұтқындар бүлік шығарды
elements.envato.com
Қазіргі уақытта жағдай тұрақталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қамау режимімен келіспеген тұтқындар әрекеті салдарынан Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі мен ҚАЖД бір қызметкері дене жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Түркістан облысының мекемесінде сотталғандардың бір бөлігі ұстау режимімен келіспеуіне байланысты бағынбаушылығын білдірді. Мекемеде ҚАЖК төрағасы, ҚАЖД және Ұлттық ұланның басшылығы, жеке құрамы, сондай-ақ қадағалау органдары жұмыс істеп жатыр», -делінген ведомства ақпаратында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39