|
07.08.2019 | 10:16
1516

Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

Алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлап жатыр

Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

Алаяқтар танымал әнші Қайрат Нұртастың атын жамылып, қазақстандықтарды алдап жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлады.  

Әдетте алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлайды. Ал кейбір аңғал желі қолданушылары парақшаның атын да оқымайтын көрінеді.    

«Мына өтірік парақшалар біздің атымызды пайдаланып, жұртты алдауды табыс көзіне айналдырып алған. Былтыр жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салып жатыр. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер, сенбеңіздер», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова instagram парақшасында.

Оның айтуынша, ақшасынан айырылып, шырылдап жатқандар көбеюде.

«Біздің нағыз парақшамызда көк «галочка» бар екенін ұмытпаңыздар», - деп ескертті әншінің анасы.


Дереккөзі: Sputnik.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир