|
25.02.2019 | 17:12
6759

«Оскар-2019»: жылдың үздік фильмі анықталды

АҚШ киноөнері академиясының 91-ші киножүлдесі «Долби» кинотеатрында табысталды

 «Оскар-2019»: жылдың үздік фильмі анықталды Tengrinews.kz

Лос-Анджелесте бас америкалық киножүлде «Оскар-2019» иегерлері марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

АҚШ киноөнері академиясының 91-ші киножүлдесі «Долби» кинотеатрында табысталды. Басқа байқаулардан ерекшелігі, «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, Академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады.

91-ші «Оскар» жүлдесін салтанатты табыстау шарасының шымылдығын Queen тобы мен Адам Ламберт We Will Rock You және We Are the Champions әндерімен ашты. Киноакадемияның 6 мыңнан аса мүшесі жылдың үздік туындылары мен актерларын анықтады. Ең басты «Үздік фильм» номинациясын Питер Фарреллидің «Зеленая книга» кинокартинасы жеңіп алды.

Фильмнің мазмұны талантты музыканттың өмірінен сыр шертеді. Ол өзінің жүргізушісі әрі оққағары етіп Тони есімді жігітті жұмысқа алады. Бұзық, аузына ие бола алмайтын адаммен өнер иесі әлемдік турнеге шығады. Бірақ бұл сапар екеуінің де өмірін басқа арнаға бұрады. Ал ең үздік ер адам рөлі номинациясы Рами Малекке бұйырды. Ол Фредди Меркьюри туралы «Богемдік рапсодия» кинокартинасына түскен еді.

«Мен өте қуаныштымын. Барлығыңызға, отбасыма, киноны түсіруге атсалысқан барлық жанға алғысымды білдіремін! «Куин» тобы, сіздер аңыз адамсыздар! Кейіпкерімді сомдау мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Маған берген мүмкіндіктеріңіз үшін тағы да алғыс айтамын!», – деді актёр Рами МАЛЕК.

«Фаворитка» кинокартинасында сомдаған үздік әйел рөлі үшін алтын мүсінді Оливия Колман жеңіп алса, үздік анимациялық толықметражды фильм болып «Человек паук: Через вселенные» танылды.

Айта кетейік, 1928 жылдан бастап табысталып келе жаткан киножүлде қазір 24 негізгі номинация бойынша беріледі.

Азамат Әуезхан, Нұрбол Сазабеков, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир