|
10.06.2019 | 12:30
4411

«Сахнада құлап қала жаздадым»: Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде үздік үштікке енді (видео)

Азия елдері арасында шоу-бизнес және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін

«Сахнада құлап қала жаздадым»: Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде үздік үштікке енді (видео)

Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде алғашқы үштікке енді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Әнші Оңтүстік Кореяда өткен Face of Asia Халықаралық өнер фестиваліне қатысуды дәстүрге айналдырған деуге болады. Биыл Орта Азияның атынан өнер көрсеткен Айдана Меденова «Азия елдері арасында шоу-бизнес және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатына ие болып, үздік үштікке ілікті.

«Бүгін мен үшін өте сәтті күн! «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз дәл келетін сияқты. Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұр. Қолдау көрсетіп, құттықтап жатқан баршаңызға алғысым шексіз. Қатты қобалжығаннан сахнада құлап қала жаздадым. Құттықтағандарыңызға рақмет!» – деп жазды Айдана Меденова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир