|
04.11.2019 | 14:32
11759

Алматыда Мөңке бидің атына көше берілді

Алты жолақты көшенің ұзындығы 6 шақырымнан асады

Алматыда Мөңке бидің атына көше берілді

Алатау ауданында орналасқан бұл көше Жұмағали Сайын, Бауыржан Момышұлы даңғылын көшелерін қиып өтіп, Фариза Оңғарсынова көшесіне барып тіреледі екен. Алты жолақты құрайтын кең көшенің ұзындығы әзірге 6 шақырымнан асады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Болашақта оны ұзарту жопарда бар. 17-18 ғасырларда қазіргі Ақтөбе облысы аумағында өмір сүрген ұлы ойшылды қазақтың Нострадамусы деп атайды. Ол туралы Әбіш Кекілбаев, Нұржан Наушабаев, Нұрпейіс Байғанин өз шығармаларында жазған. Шара шеңберінде сондай-ақ, белгілі би, жырау, дала данышпанының өмірі мен еңбектері жайлы жинақтың тұсауы кесілді.

«Қазір көше 3 жарым шақырым болса, алдағы уақытта 15 шақырымға созылады. Екі жақ бетінде мына картада белгіленген. Ол бойынша көшенің бір жақ басы солтүстік айналма жолына барады. Екінші басы Батыс айналма жолына тіреледі. Сондықтан бұл көшенің маңайында әлі небір ғимараттар салынады», – деді құрылыс инженері Бақытжан ҚОСАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

улица
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир