|
05.09.2019 | 21:18
11488

М.Әуезов театрында Фариза ақын туралы туынды сахналанды

Туынды қазан айында Мәскеу сахнасында қойылады

М.Әуезов театрында Фариза ақын туралы туынды сахналанды Almaty.tv

Қазақтың біртуар ақын қызы, марқұм  Фариза Оңғарсынова туралы  жаңа туындыны  өмірге келді.  Өршіл өлеңі, батыл мінезімен жұртының жүрегін жаулап, бүгінде сағынышқа айналған  ақын  туралы  қойылым  5-6 қыркүйек күндері  Мұхтар Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық театрда қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақынның 80 жылдығына орай көрермен назарына ұсынатын пьесаның авторы драматруг Роза Мұқанова.  Ал, ақынның рөлін белгілі актриса, «Дарын» сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина сомдайды. Сондай-ақ қойылымның музыкасын ақынның көзін көріп, қасныда жүрген  композитор Ренат Гайсин жазып шыққан.    


«Фариза – тылсым күштің иесі. Күні ертең сіздердің алдарыңызда өз ойымызды, арман- ниетімізді жайып салып, Фариза ақынның  образын шығарайын деп отырмыз», – деді «Фариза» пьесасының  бас продюсері Айнұр КӨПБАСАРОВА.  

Шығармашылық топ  қазақ ақын қыздарының брендіне айналған Фариза Оңғарсынованың ішкі жан дүниесін осы пьеса арқылы жеткізуге тырыстық дейді.  Ақынның  қыр-сырын ашатын сырлы қойылымның мақсаты – жастардың ұлы ақынымыз Фаризаның поэтикалық дүниесімен жақынырақ танысу. Қазан айында шығармашылық ұжым спектакльді Мәскеу сахнасында ойнамақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир