|
18.05.2020 | 23:46
1902

Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай көрермендерін онлайн түрде өтетін қызықты жобаларымен таңғалдыруда

Кішкентай көрермендерді ғана емес, ересектердің өзін сан қилы қуыршақ өнеріне қызықтыруда

Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай көрермендерін онлайн түрде өтетін қызықты жобаларымен таңғалдыруда almaty.tv

Көрермендермен байланыс үзілмейді. Алматыдағы өміршең өнер ордасы – Мемлекеттік қуыршақ театры онлайн форматта жүйелі жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде мәдениет саласының еңбеккерлері қалың көпшілікті рухани байыту жолында түрлі жобалар жасап, көрермен назарына ұсынуда. Кішкентай көрермендерді ғана емес, ересектердің өзін сан қилы қуыршақ өнеріне қызықтыруда. Бүлдіршіндер гаджеттерден сансыз ақпараттарды алып, интернет желісінен түрлі бейнежазбалар көруге мүмкіндік алды.

Театр кішкентай көрермендерді онлайн түрде өтетін түрлі қызықты жобалар мен айрықша айдарларымен таңдандырып жатыр. Күн сайын театр әртістері қызықты ертегілер оқып, оны театрдың әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп отырады. Қуыршақ театрын сағынған құлыншақтар үшін «Қайырлы түн, балақай» және «Балаларға базарлық» айдарлары бар.  

«Театрдың ішіндегі шығармашылық жұмыс бойынша әртістер карантин деп жатқан жоқ. Олар балаларға теңертеңгісін онлайн режимде жаттығу жүргізіп, кешкі уақытта балаларға «Қайырлы түн, балақай» атты ертегі оқып беріп жатыр. Әрине, бәрі үй жағдайында», – деді Мемлекеттік қуыршақ театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі  Жазира АХМЕТОВА.

Театр жұмысы бірте-бірте жалғасып келеді. Әзірге қызметке кірісіп кеткендер қуыршақ дайындау цехының мамандары ғана. Жуырда өнер ордасында 30-40 шақты қуыршақ қатысатын Шәмші Қалдаяқовқа арналған қойылым дайындалмақ. 3 шебер бірігіп, бірі қуыршақтың механикасын жасаса, енді бірі оны сылаумен айналысып, тегістеп шығады. Ал қуыршақ дайындау шебері соңғы қадам жасап, олардың бетін акрил бояумен бояп, сахнаға әзірлейді.  

«Карантинге дейін 50 пайыз жұмысты бастап қойған едік. Бірақ жұмыс тоқтап қалып, онлайн үйде жасайтын болып шешілген еді, кейін ыңғайсыздау болып қалды. Үйде жағдай жоқ, цех жоқ қуыршақ жасайтын. Спектакльдің  арнайы уақыты бар, жақын уақытта әртістер келіп, дайындық жасап кетеді», – деді Мемлекеттік қуыршақ театры қуыршақ дайындау цехының маманы  Болат АМАНҚҰЛ.

Ертеңнен бастап «Қуыршақ театрының» шығармашылық ұжымы мына сахнада қызу дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. 2 ай бойына спектакльдері онлайн режимінде көрсетіп келген театр енді алда жоспарланған репертуар кестесін толықтыратын болады.

Сая Меңдеке, Қобылан Әлдибеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир