Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі
муз.тв
Әнші бұл жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды. Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«30 шілде күні, шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады», - деп жазды Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген атымен аталатын отырғызу талонын әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей берген.
«Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рахмет. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді», - дейді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37