«Балалармен жарысқым келмейді»: Димаш Құдайберген The World's Best байқауынан бас тартты

Осылайша, америкалық шоудың бас жүлдесі үшін енді қазақстандық өзге әнші Данэлия Тулешова мен үнді Лидиан Надхасварм таласады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық даңқты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та өтіп жатқан The World's Best байқауын жалғастырудан бас тартты.

Соңғы өткен кезеңде Димаш Adagio әнін орындап қазылар алқасы мен тыңдармандарды тағы бір тамсандырған еді. Мұнан кейін ол дәл сахнада тұрып, сайысты одан әрі жалғастырмайтынын мәлімдеді.

Әншінің бұл қадамы қазылардың жағасын ұстатқанымен, Димаш өзін түсінуді өтінді. Өйткені, ол кішкентай балалармен байқауда жарысқысы келмейді екен. Осылайша, америкалық шоудың бас жүлдесі үшін енді қазақстандық өзге әнші Данэлия Тулешова мен үнді Лидиан Надхасварм таласады.

The World's Вest – талантты адамдар сайысқа түсетін тележоба. Қазылар алқасының құрамында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен актер Ру Пол бар. Ал, шоу жүргізушісі – британдық комик Джеймс Корден.

Новости партнеров