«Айыпты деп танылды»: «Дос-Мұқасан» тобының солисіне қатысты сот үкімі шықты

«Айыпты деп танылды»: «Дос-Мұқасан» тобының солисіне қатысты сот үкімі шықты
Композитор сот отырысы барысында өзін камераға түсіруге қарсы болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуежайда болған жағдайдан кейін басы дауға қалған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты үкім шықты. Елордалық сот музыкантты айыпты деп танығанымен, оны жазаға тартпады, деп хабарлайды КТК.

Композитор сот отырысы барысында өзін камераға түсіруге қарсы болды. Мұрат Құсайыновқа қатысты істі қараған судья оны кінәлі деп таныды. Алайда өз әрекетіне ұзақ уақыт өкінгені себепті жауапкершіліктен босатты. Судьяның мұндай шешім шығарарда Құсайыновтың еліміздің мәдениетіне сіңірге еңбегі де ескеріпті. Бұл заңда да қарастырылған.

Осылайша, музыкант сот отырысының барысында полиция өкілімен ымыраға келді.

Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні «Эйр Астана» әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. Кейін экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартты.

Бұл оқиғадан кейін музыкант компания өкілдерінің өзін төмендеткісі келгенін айтты.



Новости партнеров