|
01.02.2019 | 09:37
3260

Танымал адвокат алты жылға сотталған Гаухар Әлімбекованы қорғап шықпақ

Танымал адвокат алты жылға сотталған Гаухар Әлімбекованы қорғап шықпақ nur.kz

Отандық танымал адвокат Абзал Құспан алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гаухар Әлімбекованың ісімен айналысуға ниет білдірді. Қорғаушы эстрада әншісінің ісінде әділдікке қол жеткізу үшін қолынан келгенін жасауға әзір екенін жеткізді, деп жазады NUR.KZ.

Абзал Құспан жақында ғана қызы қайтыс болған соң, бірқатар сот істерінен бас тартқан. Алайда, Гаухар Әлімбекованың мұндай жағдайға қалуына бей-жай қарап тұра алмаған. Бұл туралы отандық танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзініңFacebook парақшасында жазды.

«Отбасымда болған соңғы жағдайларға байланысты көп істен бас тартып жүрдім. Тіпті, Алматыдағы, Астанадағы біраз жекелеген істерден бас тартып, ақшаларын қайтарып беріп, басқа адвокат тауып беріп, тыныш қана үйде жатқанмын.

Біраз уақыт тайм-аут алып, қызымның жылын бергенше көп іске кіріспеймін, отбасымның жанында көбірек боламын деп ойлаған едім. Бірақ мына жағдай басқа жағдай. Гауһар Әлімбекова – бәріміздің сүйікті әншіміз. Гауһардай еліне ерен еңбегі сіңген талантты аруымыздың басына іс түсіп жатқанда осы іске араласқым келіп отыр», - деп бастады адвокат.

«Гауһарға берілген жаза өте ауыр және әділетсіз екендігін баса айтқым келеді. Бұл көзге ұрып тұр. Бір нәрсе анық – Гауһар қоғамға қауіпті адам емес! Оны 6 жыл бас бостандығынан айыратындай ешқандай қажеттілік жоқ еді.

Егер Гауһар өзі сенім білдіріп, осы іспен айналысуымды сұраса, Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, елдігімізге де, ерлігімізге де, адвокаттығыма да сын болар», - деді Абзал Құспан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир