Лос-Анджелес метросында ән айтқан қаңғыбас әйелге танымал продюсер келісімшарт ұсынды

Лос-Анджелес метросында ән айтқан қаңғыбас әйелге танымал продюсер келісімшарт ұсынды
Қаңғыбас әйел 52 жастағы ресейлік Эмили Замурка болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі рет "Грэмми" жүлдесіне үміткер болған танымал продюсер әрі композитор Джоэль Даймонд Лос-Анджелес метросында ән айтып танылған ресейлік эмигрантқа келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Даймондтың айтуынша, ол Эмили Замуркамен бірге "классикалық және электронды-би музыкасы жанрлары араласатын жаңа хит" жазуға үмітті.

Еске салайық, бұған дейін Лос-Анджелес полициясы метроның бос платформасында ән айтқан қаңғыбас әйелдің видеосын жариялаған. Онда әйел италиялық композитор Джакомо Пуччинидің "Джанни Скикки" операсынан ария орындайды.

Зерттей келе әлі әйел 52 жастағы ресейлік Эмили Замурка болып шықты. Ол 1990-жылдардың басында АҚШ-қа көшіп кеткен.

Әйелдің айтуынша, ол телевизиялық бағдарламаларда опера әншілерін тыңдап, ән айтуды үйренген. Замурка басында Миссуриде тұрғанын айтады, қарттар үйі мен мейрамханаларда жұмыс істеген. Кейін Вашингтон штатына көшіп, шіркеуде фортепианодан сабақ бере бастаған. Алайда денсаулығынан кінәрат табылып, оған қаржылай қиындықтар да қосылып, соның салдарынан ол біржола далада қалған. Содан бері мемлекет беретін әлеуметтік төлемге өмір сүріп жүр  айына 400 доллар алады.  

Новости партнеров