Самал Еслямова Азиядағы ең үздік киноактриса атанды

Самал Еслямова Азиядағы ең үздік киноактриса атанды
Бұл жүлдені ол «Айка» фильмінде басты рольді сомдағаны үшін алып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық актриса Гонконгте Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) «ең үздік актриса» номинациясына ие болды. Бұл жүлдені ол «Айка» фильмінде басты рольді сомдағаны үшін алып отыр.

Қуанышты хабарды Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Достар, Asian Film Awards Academy жүлдесі «Азиялық Оскар» деп те аталады. Оның номинанттары 11 қаңтар күні анықталған болатын. енді міне, жеңіс бізде. Бұл үлкен жетістік. Шығармашылық тобын шын жүректен құттықтаймын», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, «Айка» фильмі Қырғызстаннан Мәскеуге жұмыс істеуге келген қырғыз қызының ауыр тағдырын суреттейді. Осы ролі үшін Самал Еслямова Қазақстан тарихында алғаш рет Канн кинофестивалінің жүлдесін алған болатын.

Новости партнеров