Көрмеге келушілердің көбі шетелдіктер
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігін енді мұражайдан көре аласыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы танымал журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Димаш туралы жақсы пікір жазып жатыр. "Керемет! Димаштың арқасында қазақтың ең қасиетті дүниесін әлем танып жатыр!", "Аукционға салып сатса, қанша болса да алар едім ана бесікті", "Тек тіл-көзден сақтасын!" деп жазып жатыр Facebook қолданушылары.
Оқи отырыңыз: Мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған адам тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді