|
13.09.2024 | 09:24
133

Мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған адам тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД хабарлады

Мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған адам тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді стоп кадр

Ақмола облысында мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған ер адам ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Щучье қаласынан Көкшетауға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарласып, Щучье қаласында мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған ер адамды тасымалдауға көмек сұраған.

«Командир Бейбіт Смағұлов пен екінші ұшқыш Назель Нұрғалиева басқарған «Eurocopter H-145 D3» тікұшағы бірден Щучье қаласына ұшып келіп, науқасты Көкшетау қаласына алып кетті. Ұшақта экипаждан бөлек, аға фельдшер Айнұр Өтеулиева, реаниматолог Индира Сарыбаева және медбике Анара Сансызбаева бірге болды. Ер адам 50 минутта діттенген жеріне жеткізілді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, осы жылдың 9 айында «Қазавиақұтқару» АҚ түкұшағымен шұғыл медициналық эвакуациялау желісі бойынша 231 адам тасымалданған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир