«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Нұрлан Әміров бес әйелі бар екенін айтып қойды. Оның ең кіші әйелі өзінен 20 жас жас кіші, деп жазды Stan.kz.
Нұрлан Әміровтың айтуынша, бүгінде оның 5 әйелінен 6 баласы бар. Әншінің сөзіне қарағанда, ол үш әйелімен айырылысыпты.
«Менің бес әйелім бар. Бір-бірімен араласады. Бірін-бірі біледі. Кішілері, тұрмысқа шығам дегендері шығып кетіп жатыр. Бірінші әйелім тұрмысқа шығып кетті. Өзім рұқсат бердім. Екеуміздің ортақ бір баламыз бар. Ол қазір келініммен бірге менің қолымда. Екінші және төртінші әйелімде тұрмысқа шықты. Одан бір қызымыз бар. Үшінші және бесіншісімен біргемін», - дейді әнші.
Нұрлан Әміров тек үшінші әйелімен заңды некеге тұрғанын айтты. Ал ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен. Өз сөзінде ол әйелдерінің барлығын жақсы көргенін жасырмады.