Димаштың жеке альбомын сатып алушылар қатары секунд сайын өсіп жатыр

Әншінің жеке альбомы 37-ақ секундта «платина» деңгейіне жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димаш Құдайбергеновтің тұңғыш жеке альбомы 37 секундтың ішінде «платина» деңгейіне жеткен. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымды қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рахмет! Менің табысым сіздердің арқаларыңызда»,  деп жазды ол өз парақшасында.

Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. Шоу-бизнес қатты дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен  өлшенеді.



Новости партнеров