Телеарна жүргізушісі Анна Данченко мен әнші Әбдіжаппар Әлқожа екеуінің арасында не бар? Бұл туралы әншінің өзі жауап берді, деп жазды stan.kz.
Анна Данченко Әбдіжаппармен жеке сұхбат барысында оқырмандар тарапынан көптеп қойылатын сұрақты айтты.
«Желіде оқырмандар Әбдіжаппар екеуіңіздің араларыңызда не бар, неге үнемі бірге суретке түсесіздер деп жазады. Осы сұраққа өзіңіз жауап беріңізші», - деді тележүргізуші.
Әнші екеуінің арасында әдемі достық бар екенін айтты. Алайда Анна ханымның өзі бұған келіспейтінін, екеуінің арасында одан басқа қатынас бар екенін айтты.
«Оны қашан айтасыз? Бізді басқа нәрсе де байланыстырады ғой», - деп қолқа салды тележүргізушінің өзі.
Әбдіжаппар тек «иә» деп қана жауап қатты. Бұл әңгіме алдағы болатын «Өмір мен өнер» бағдарламасының үзіндісінде айтылды.
Желі қолданушыларының ойы сан-саққа жүгірді. Бірі екеуінің жақын қатынаста екенін айтса, бірі кезекті арзан қара пиар деп қабылдады.