Айсауле Бақытбек енесіне ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Белгілі продюсердің тұңғышы жақында тұрмыс құрып, келін болды. Барған жеріне тез үйренісіп кеткен жас келін Айсәуле Бақытбек енесінің туған күнін ерекше атап өтті. Бұл туралы оның өзі желідегі парақшасында бөліскен болатын. Осылайша ол екінші анасына тосынсый жасағанын айтқан.
"Бүгін біздің анамыздың туған күні. Осындай маңызды мерекеде тосынсый жасап, кеш ұйымдастырдық. Бүгін біз қыдырамыз. Жақындарымыздың барлығын шақырып, анамыздың көзін байлап, жұмыстан алып кеттік", - дейді Айсәуле Бақытбек.
Отбасына жақын адамдардың басын қосып, енесінің көзін байлап, алып келген ол керемет сыйлық жасаған. Бейнежазбада Айсәулеге тосын сый жасауға көмек берген адамдарды да көруге болады. Олардың қатарында Баян Алагөзова да бар.
"Бұл мерекені ән айтатын жерде өткізгенді жөн көрдік. Барлық жақындарымызға осындай маңызды мерекеде қуанышымызға ортақтасқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Өзімнің анама да ерекше рахмет", - дейді Айсәуле Бақытбек.